Үкімет

Б. Сағынтаев «Баку — Тбилиси — Карс» бағдарының ашылуына қатысты (ФОТО)

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Бакуде (Әзербайжан) Баку — Тбилиси — Карс теміржол бағдарының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады primeminister.kz.
Әлемде 30 Қазан, 20:34

Сондай-ақ, шараға Түркия Президенті Р. Ердоған, Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов, Грузия Премьер-Министрі Г. Квирикашвили, Тәжікстан көлік министрі Х. Худоерзода, Түркіменстан теміржол көлігі министрі Д. Бяшимов қатысты.

Ашылу барысында «Алтын балдақты» қағу символдық дəстүрі мен теміржол нұсқарын бұру рәсімі, сондай-ақ мемориалдық тақтаны ашу шаралары өтті.

Рrimeminister.kz хабарлауынша,  БТК теміржол желісі Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңызды учаскелерінің бірі, Әзербайжанның, Грузия мен Түркияның теміржол желілерін біріктіреді. Магистральды жүргізу Қазақстанға Қара және Жерорта теңіздеріне жаңа бағдарлардың ашылуына мүмкіндік береді.

«Жаңа теміржол Түркияға шығу арқылы, дәліз бойынша жүк тасымалының географиясын кеңейтуге және 2020 жылға қарай Қазақстан аумағы арқылы транзитпен жылына 2 млн контейнерге дейін тасымалдарға қол жеткізуге жол ашады», - деп атап өтті шараға қатысушылар.

Баку — Тбилиси — Карс жаңа теміржол дәлізінің аумағында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ  мен «Электровоз құрастыру зауыты» шығаратын қазақстандық локомотивтер де қолданылатын болады. Бүгінде бұған нақты мақсаттар қойылған, 10 тепловоз жұмыс істейді, сонымен қатар 2020 жылға дейін Қазақстан Әзербайжанға айнымалы тоқпен жүретін 40 жүк электровозын жеткізеді.





Яндекс.Метрика