Парламент

Д.Назарбаева Мемлекеттік Дума депутаттарымен парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Парламент Сенаты Халықаралық қатынстар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Ресей Мемлекеттік Думасы Қорғаныс комитетінің төрағасы Владимир Шамановпен және Мемлекеттік Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыстар комитеті төрағасының орынбасары Константин Затулинмен кездесті.
Астана қаласы30 Қазан , 17:23

Сенат хабарлағандай,  Д.Назарбаева Қазақстан мен Ресейдің тату көршілік қатынастарын нығайтуда парламентаралық байланыстар негізгі мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Сенатор ТМД және ҰҚШҰ Парламентаралық Ассамблеялары секілді алаңдарда өзара парламентаралық іс-қимылды одан әрі нығайту жайында айтты. В.Шаманов Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Сириядағы шиеленісті реттеуге қосқан зор үлесін атап өтті. Астанадағы келіссөздер аясында қол жеткен жетістіктер оның маңыздылығын дәлелдеген болатын.

 «Астана халықаралық шиеленістерді шешудегі әлемдік орталықтардың біріне айналды», - деп атап өтті ол.

Сенатор өз кезегінде Сириядағы жағдайды тұрақтандырудағы, ДАИШ және басқа да терроршыл топтардың әскери және қаржылай әлеуетін жоюдағы Ресейдің ерекше рөлін атап өтті.

 «Қазақстан бұдан былай да Сириядағы текетіресті бейбіт реттеуге жәрдемдесуге, оның ішінде Астанада сирияаралық келіссөздерді жүргізуге барлық қажетті жағдайды жасауға әзір», - деді Д.Назарбаева.

Ресей депутаттары Мемлекеттік Думадағы заң шығару қызметі, сондай-ақ шекара маңайындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыстар барысы туралы Д.Назарбаеваны хабардар етті. Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің басқа да маңызды салалары, атап айтқанда ядролық тақырыпқа қатысты Ирандағы өзекті мәселелер мен Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру да талқыланды.
 




Яндекс.Метрика