Парламент

Қ.Тоқаев БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен ынтымақтастықты талқылады

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Атқарушы директоры, БҰҰ-ның Венадағы бөлімінің директоры Юрий Федотовты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 30 Қазан, 20:41

БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қызметіне жоғары баға бере келіп, Сенат Төрағасы БҰҰ ЕҚБ жұмысының нәтижелі әрі нысаналы сипатын атап өтті. Қ.Тоқаев сондай-ақ Қазақстан алдағы уақытта БҰҰ-ның барлық саладағы қызметіне жан-жақты қолдау көрсететініне тоқталды.

 Ю.Федотов Сенат басшысын есірткінің заңсыз айналымы мен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы іс-қимыл саласындағы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қызметі мен жоспарлары туралы хабардар етті.
 





Яндекс.Метрика