АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ақтөбе облысында 170 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс жасайды

Қазақстан Республикасы Президентінің ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ақтөбе облысында170 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып,өз жұмыстарын табысты жүргізуде. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Астанада ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ақтөбе 30 Қазан, 18:12

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін өңірде егін шаруашылығы өнімдерін өндіру мен оларды өңдеу, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасынын арттыру, экспорттық әлеуетт ікеңейту, 2017-2021жж. агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстар нығайтылды», - деді Б.Сапарбаев.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысы ет кластерін құру, өндіріске инновациялық технологияларды, суармалы жерлерді енгізу, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру, ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерін дамыту сынды көптеген бағыттар бойынша жетекші орынға ие.

Аймақта ауыл шаруашылығына арналған 7,8 млн гектар жерге тексеру мен түгендеу жұмыстары жүргізіліп, ауылшаруашылығы айналымына 365 мың гектары тартылды. 300 мың гектарға есептелген 2017 жылғы жоспар 22% асыра орындалды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы суармалы жерлердің алаңы 18% -ға, яғни 21,5 мың га, егістік алқаптары 15% -ға (2016 жылы - 567 мың гектар, 2017 - 656 мың га) өсті.

«Қазіргі уақытта Европалық қайта құру және даму банкімен суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ынтымақтастық 2020 жылға дейін 100% немесе 40 мың га суармалы жерді тиімді айналымға енгізуге мүмкіндік береді, -деді облыс әкімі.

Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес салалары да дамып келеді. Бұл бағытта 129 жоба, оның ішінде ара фермалары, қояндар, бөденелер, қаздар мен үйректер және т.б. өсіру жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері 70 АШК құрылды. Өңірде барлығы жеті мың жеке қосалқы шаруашылыққа біріктірілген 170-тен астам ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері табысты жұмыс жасайды.





Яндекс.Метрика