Өңірлер

Алматы әкімі аулаларды абаттандырудың барысын тексерді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек аулаларды, қаланың нженерлік және көлік инфрқұрылымын қайта жасау жұмыстарын тексерді және №103 бағыты бойынша жүре бастаған «ЛиАЗ» маркалы төмен еденді жаңа автобустарды қарап шықты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы30 Қазан , 14:54

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Бостандық ауданының аулаларын абаттандырудың барысын тексерді. Аудан әкімі Бекқали Торғаев биылғы жылы 60 ауланы абаттандыру жоспарланғанын, аула  ішіне  асфальт, резинка және кеспе тастар төселгенін, орындықтар мен урналар қойылғанын, жарықтандырылғанын, спорт және балалар алаңдары жасалғанын айтты.

Мегаполис әкімі балалардың бойына салауатты өмір салтының аулалардан қалыптасатындығын, сондықтан жарығы бар спорт алаңдары болуы тиіс екендігін  атап өтті.Абаттандырылған аулалар тұрғындарды топтастыра түседі.

Алматыда биылғы жылы  сегіз ауданда 472 жаңа аула алаңдары  жасалды. Құрылыс жұмыстарына сертификатталған және қауіпсіз  архитектуралық кіші пішіндер қолданылуда. 2016 жылы қалада 290  аула абаттандырылған болатын, бұл жұмыс келер жылы да жалғасады.

Бұлардан өзге,мегаполис башысы Желтоқсан көшесінің батыс жағынан Сәтпев көшесінен төмен аумақты жаяу жүргіншілер үшін кеңейтуді тапсырды, сонда көлік тұрағы тарылады. Бұл шара көлікті тұраққа қоюды  ретке келтіруге және осы уачскеде жүргіншілер қатарын көбейтуге оң ықпал ететін болады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұрындары №103 бағыты бойынша жүре бастаған «ЛиАЗ» маркалы төмен еденді автобустарды да қарап шыққан болатын. Бұл бағыт бойынша қала сатып алатын 297 көліктің  алғашқы 20 автобусы жүре бастады.

Евро-5  стандартындағы 12 метрлік автобустар экологиялық жағынан таза,  сыйымдылығы 108 адам, кондиционерлермен, камералармен, видебақылаумен, пандустармен қамтамасыз етілген. Қалған автобустар биылғы жылдың желтоқсан айында дейін кезеңмен келеді.

Бұдан өзгео,«Green bus company» ЖШС Yutong маркалы 50 жаңа автобустар алды, олар №50,112,126 бағыттары бойынша сапалы қызмет көрсетеді..

Басқа жеке тасымалдаушылар бірнеше ай ішінде сыйымдылығы әртүрлі 254 автобус алуды жоспарлап отыр.

 




Яндекс.Метрика