Халықаралық интеграция

Қазақстанда Ресейдің 20-дан астам ірі компаниясы жұмыс істейді

Ресей бизнесі Қазақстанның барлық салаларында көрініс тапқан, Қазақстанда Ресейдің 20-дан астам ірі компаниясы жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Ресей Мемлекеттік Думасы мен ҚР Парламенті Мәжілісі комитетінің кездесуінде мәлімдеді.
Астана қаласы 30 Қазан, 12:36

«Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының  өзегі сауда-экономикалық ынтымақтастық болып табылады.  Ол өзара  байланыстың  жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Ресей бизнесі Қазақстанның барлық салаларында көрініс тапқан, Қазақстанда Ресейдің 20-дан астам ірі компаниясы жұмыс істейді. Оның ішінде «Лукойл», «Газпром», «Росатом», «Роснефть» және т.б бар», - деді В.Божко.

Мәжілістің вице-спикері айтып өткендей, әрекеттегі кәсіпорындар  саны биыл 7000-нан 7898-ге дейін артты. 13291 заңды тұлға мен өкілдіктер тіркелді.

«Бұл Еуразиялық экономикалық одақ аясында жүргізілген интеграциялық үрдістердің нәтижесі.  Ортақ тауар мен капитал қызметтері, жұмыс тобының нәтижесінде әлемдік дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туды. Біздің елдің әлеуеті зор, ол «Батыс Еуропа-Батыс қытай» халықаралық көлік дәлізінің жобасы аясындағы бірлескен жұмыс аса маңызға ие», - деді ол.

22 қазанда ҚР мен РФ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа  25 жыл толды. Қазақстан мен Ресей 350-ден астам құжатқа қол қойған.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика