Халықаралық интеграция

М.Бочарников: Ресей қазақ тілінің латынға көшуіне сыйластықпен қарайды

Ресей қазақ тілінің латынға көшуіне сыйластықпен қарайды. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников Ресей Мемлекеттік Думасы мен ҚР Парламенті Мәжілісі комитетінің кездесуінде мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қазан , 12:21

«Қазақстан – орыс тілі  Конституция бойынша  ресми мәртебеге ие елдердің бірі. Ресей Қазақстанның латынға көшуіне түсіністік пен сыйластықпен қарайды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен  ҚР өзге ресми өкілдерінің айтуынша, орыс  тілінің мәртебесі сақталады. Орта мектептердегі білім беру жалғаса береді», - деді елші.

Михаил Бочарников айтып өткендей, орыс тілінің ұстаздары сұранысқа ие болады.

«Қазірдің өзінде  ҚР ресми көздерінен орыс тілінің ұстаздары сұранысқа ие  деген ақпаратқа иеміз. Қазақстанда ресейлік ЖОО-лардың  ашылуына да қызығушылық артып отыр. Ресей тарапы бұл орайда көмегін көрсетуге дайын», - деді М.Бочарников.

Айта кетейік, 27 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлыққа қол қойды.

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика