Рухани жаңғыру

«ASAR» форумы жыл сайын еліміздің түрлі өңірлерінде өткізілетін болады

«ASAR» ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастық форумы жыл сайын республиканың түрлі өңірлерінде өткізіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Атырау қаласындағы форум барысында мәлімдеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы 30 Қазан, 13:32

«Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» - деген ойды айта отырып, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Осыған орай, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыруда. Бүгінгі іс-шара осы бағдарламасының аясында өткізілуде» - деп баяндады министр.

Сонымен бірге, министр «ASAR» диалогтық алаңын өткізу мемлекет, ҮЕҰ мен бизнестің үшжақты ынтымақтастығын дамыту бойынша жүйелі жұмысты құруға мүмкіндік береді деп атап өтті. Алаң тұрақты серіктестіктің іргетасын қалап, әлеуметтік мәселелерді шешуге азаматтық қоғамды белсендірудің серпілісін күшейтеді.«Үшжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша жаңа идеяларды, инновацияларды түрлендіру үшін «ASAR» форумы еліміздің әр түрлі өңірлерінде жыл сайын өткізілетін болады.

Еске сала кетейік, Атырауда «ASAR» ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастық Бірінші Республикалық форумы өтуде. Іс-шараның ұйымдастырушылары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Атырау облысының әкімдігі болып табылады.




 





Яндекс.Метрика