Энергетика

Қызылорда облысында электр желілерін жаңғырту жүргізілуде

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы осы жылғы 9 айдағы жұмысын қорытындылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда 30 Қазан, 15:16

Басқарма есебінше «Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі  35/10 кВ №22 ҚС-сын кеңейту және  қайта жаңғырту», «Қармақшы ауданы Төретам кенті мен Ақай а/о 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және  қайта жаңғырту», «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ «Жосалы» ҚС-сын қайта жаңғырту» жобаларының ЖСҚ әзірлеу үшін жобалаушылармен жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Биыл жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс орталығында тұрғындар салып алған электр желілерін жаңарту мен қосалқы станциялар орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл  жыл соңына дейін аяқталады.

Сонымен қатар, «Қызылорда облысы Сырдаря ауданы Бесарық елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасының құрылыс монтаждау жұмыстарына облыстық бюджеттен 30 млн. теңге  бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып конкурсының нәтижесімен «ҚЭТТК» АҚ жеңімпаз болып анықталды, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары  жүргізілуде.





Яндекс.Метрика