Рухани жаңғыру

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала жастары» жобасы жүзеге асырылуда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарында «Ұлы дала жастары» жобасы іске қосылды. Оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басқару офисінің менеджері Болат Атыбай Астана қаласының әкімдігінде өткен дөңгелек үстел мәжілісінде таныстырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Астана қаласы 30 Қазан, 08:44

Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы үш бағыттан тұрады. Сол үш бағыттың бірі – «Саналы азамат». Осы «Саналы азамат» бағытының шеңберінде «Ұлы дала жастары» жобасы әзірленді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстардан жоғары оқу орындары шет қалған. Астана қаласындағы ЖОО-дарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қосу үшін осы жоба жасалды. Жобаның мақсаты - еліміз алға қойған міндеттерді жастардың бойына сіңіру.

Жобаның негізгі бастамасы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі екендігін айта өткен жөн. «Ұлы дала жастары» жобасы қазан айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Жоба жастардың белсенділігін арттыруға, яғни, ғылым, бизнеспен айналысуына жағдай жасау, жаңа бастамалар жасау, ғылыми журналдардағы шет тіліндегі мақалалардың санын ұлғайтуға әсер етеді. Мәжіліс барысында оқу орнын тамәмдаған жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі төмен екендігі жайлы, сонымен қоса жатақхана жетіспеушілігі мәселелері қызу талқыға салынды.

Жиын қорытындысы бойынша ЖОО-дары аталған жобаға өз қызығушылықтарын білдіріп, белсенді атсалысатындығын жеткізді.

 





Яндекс.Метрика