Рухани жаңғыру

Ж. Ахметбеков: Латын әліпбиіне көшу қазақ тілі деңгейінің көтерілуін білдіреді

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі ана тіліміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне септігін тигізеді, деп санайды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков.
Астана қаласы27 Қазан , 17:40

«Бүгін латын әліпбиіне көшу туралы Президенттің жарлығы шыққанына өте қуаныштымыз. Өйткені, бұл қоғамда көп пікірталас болған мәселелердің бірі. Ақыры соңында, комиссияның отырысы бірлесіп, қоғамдағы талқыулардың арқасында ең соңғы нұсқа қабылданды. Бұл алдағы уақытта жұмыстардың көп екендігін білдіртеді. Алда тұрған мәселе – бұл бүкіл құжаттардан бастап үйрету, әліпбиді түсіну, оны бейімдеу, әдебиеттер, министрліктен бастап жергілікті өкілдерге дейін латын әліпбиіне ауыстырудың ұлан-ғайыр істері тұр. Мемлекеттік бағдарлама шыққан кезде кезең-кезеңмен өтетінін біз түсінеміз. Бұл қазақ тілінің деңгейінің көтерілуі деп санаймыз», - деді депутат.

Жамбыл Ахметбековтың пікірінше, латын графикасына көшу біртіндеп жүргізілуі тиіс.

«Қазақ тілі бұрынғы кезде латын әліпбиімен жазылған болса, қазір соның қайтарылып алынуы жаһандық даму кездегі алпауыт елдердің қатарына енуіндегі алғышарттардың бірі деп санаймыз. Бұл өз кезегінде әлемдік, түркі елдерінің тілдерін ұғынуына көп әсерін тигіздіреді деп ойлаймыз. Қазір алда тұрған мақсаттар өте көп. Осы жаңащылдықты кампания сияқты қылдырмай, біртіндеп, сатылап енгізетін болсақ, тіліміздің мәртебесін көтеруге үлен мүмкіндік бар», - деп түйіндеді өз сөзін Ж. Ахметбеков.

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика