Рухани жаңғыру

Латын қаріпіндегі қазақ әліпбиінің тиімділігі зор – сенатор

Латын қаріпіндегі қазақ әліпбиінің тиімділігі зор, ол жас баладан бастап менің жасымдағы ересек адамға үлкен көмек береді, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов Сенат отырысынан кейінгі әңгіме барысында.
Астана қаласы 27 Қазан, 16:39

«90-жылдардың басында біз шетел азаматтарымен серіктестік орната бастады, олар бізге сіздер ағылшын тілін білмейсіздер, сондықтан бізге сіздермен жұмыс істеу қызықты емес деді. Осылайша, мен 30 жасымда ағылшын тілін үйренуге мәжбүр болдым. Әрине, мен ағылшын тілін бұған дейін институтта, мектепте оқығанмын, азын-аулақ база болды. Латын қаріпін білгендіктен 6-8 айда тұрмыстық деңгейде сөйлесуді үйреніп алдым. Сондықтанда соңғы 20 жылда батыстық серіктестермен жұмыс істеген кезім табысты болды. Ал. Сенатта мен қазақ тілін үйреніп келемін. Кирилл қаріпі қазақ тілінің бай сөздік қорын соншалықты бере алады дей алмаймын, біз қазақ тілінде сөйлесе алатындай соншалықты деңгейге көтерілмедік. Және де біз өзіміздің педагогтарымызбен ақылдаса келе латын қаріпіндегі қазақ тілінің әліпбиінің тиімділігі зор, ол жас баладан бастап менің жасымдағы ересек адамға үлкен көмек береді», - деп өз пікірін білдірді С. Ершов.

Сөз соңында сенатор барша қазақстандықтарға бірінші кезекте ағылшын тілін оқыңыздар деп тілек білдірді.

«Біріншіден, ағылшын тілін және өзге ел өкілімен сөйлесуді үйрену керек. Екіншіден, мен қириллица бізге қазақ тілін үйрену үшін қажет білімді бере алады деп ойламаймын», - деп түйіндеді С. Ершов.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика