Білім беру

Кез-келген ғалым сапалы зерттеу жүргізе алады (ВИДЕО)

Эксклюзив
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» гранттық жобаға қалай қатысуға болады және қазақстандық ғалымдарды әлеуеті туралы «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобалары бойынша басқару тобының директор орынбасары Мұрат Сартбаев «Strategy2050.kz»АА тілішісіне айтып берді.
Астана қаласы 27 Қазан, 16:34

Белгілі болғандай, ҚР Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асырды (2016 жылмен  2020жж). Аталмыш жобаның мақсаты – жоғарысапалы мемлекет үшін маңызды зерттеулер мен технологияларды ынталандыру болып табылады.  Бұл жоба аясында 2016-2017 жылдары гранттық бағдарламаның 2 кезеңі өткізілді, нәтижесінде қаржыландыру үшін 43 ішкі жоба іріктелініп алынды.

«Бізге кездейсоқ жобалар келмейді. Біріншіден бізде олар плагиатқа, көшірмеге тексеріледі.  Сондықтанда талаптар ғылыми зерттемелерге қатысты болуы керек немесе аталмыш технология бойынша патент болуы шарт, я болмаса зертханалық зерттеу жұмыстары аяқталуы керек. Жоба ғылымнан шығуы шарт. Егер, зартханалық зерттеулер аяқталған және де өндірістік зертеу керек болса, өндіріске  енгізу қажет болса, онда мұндай жобалар біздікі», - деді М. Сартбаев.

М. Сартбаев атап өткендей, жобалардың нәтижесі жаңа өнімді сату болып табылады. Осы ретте,  ғалымдар кез-келген салаларда өз жобаларын ұсына алады.

«Біздің гранттық бағдарламаның негізі – бұл зияткерлік меншікті құру. Кез келген технология – бұл зияткерлік меншік. Бізде басымдық берілген бағыттар бойынша қатал шектеулер жоқ. Дегенмен де, экономиканы әртараптандыру үшін қажет жобалар бірінші кезекте іріктелініп алынады. Осы мақсатта ең үздік жобалар таңдалынады», - деп атап өтті спикер.

Атап өтер болсақ, гранттық қаржыландырудың жалпы сомасы – 19 млрд теңгеден асып жығылады. 

Ақбота Күзекбай

Видео: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика