Парламент

Отандық ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты 7,8%-ға артты – Н.Әлтаев

Отандық ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты 7,8%-ға артып, 1,2 млрд долларды құрады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Парламент Сенатындағы дөңгелек үстел барысында айтты.
Астана қаласы27 Қазан , 15:43

«Пайдалы жерлердің көптігі  мен жайылым  көлемінің  ауқымдылығына байланысты Қазақстанның экспорттық әлеуеті жоғары. Биылғы жылдың қаңтар-шілдесінде отандық ауыл шаруашылығы  тауарларының  экспорты 7,8%-ға артып,  1,2 млрд долларды құрады», - Н.Әлтаев.

Ол айтып өткендей, отандық қой етінің  жоғары экспорттық әлеуетін атап өткен жөн.

«Қытай тарапынан балық шаруашылығы, омарташылық пен жылқы өсіру, астыққа қатысты экспорт  талаптары келісілді. Қой етін экспорттау бойынша құқықтық базаны әзірлеу қалды. Қазақстаннан Иранға тірі қойларды жеткізу  бойынша ветеринарлық талаптар келісілді. Қазір БАӘ,  Сауд Арабиясы мен Израильмен келіссөздер жүргізілуде», - деді Н.Әлтаев.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика