Халықаралық интеграция

Ханьчжоу электрондық коммерция бойынша индустриалдық паркі АХҚО-мен тәжірибе алмасады

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Ханьчжоу электрондық коммерция бойынша индустриалдық паркі АХҚО аймағында электрондық коммерция индустриясын дамыту бойынша бірлескен парк құру мүмкіндігін зерттеу мақсатында Ниеттестік хатына қол қойды, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 27 Қазан, 17:46

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық республикасы арасындағы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» секілді бағдарламаларда көрсетілген мақсаттарды бірлесіп жүзеге асыруда Тараптар стратегиялық тұрғыда ұзақмерзімді ынтымақтасып жұмыс істеуді көздеп отыр, бұл дегеніміз – Қазақстандағы электрондық коммерция индустриясын алға жылжыту және дамыту, электрондық коммерция саласындағы қытай компанияларын Орталық Азия нарығына шығару, АХҚО-ның негізгі бағыттарының бірі – қаржы технологияларын дамыту.

Осы құжатқа сай, Ханьчжоу электрондық коммерция бойынша индустриалдық паркі АХҚО-мен бірге қазақстандық электрондық коммерция паркін құру мен пайдалану бойынша өзінің ресурстарымен және техникалық тәжірбиесімен бөліспек.

Тараптар, сонымен қатар, электрондық сауда саласындағы зерттеулер бойынша ақпарат алмасуға, бірлескен оқу, білім беру бағдарламалары, оның ішінде семинарлар, конференцияларды ұйымдастырып, өткізуге келісті.

АХҚО мен Технопарк арасындағы ынтымақтастық АХҚО аймағында электрондық коммерцияның Аймақтық хабын құруда маңызды рөл ойнамақ.





Яндекс.Метрика