Рухани жаңғыру

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне Маңғыстаудың 13 жерасты мешіті енді

Тарихы бай, рухани мұрасы мол Маңғыстау өлкесінің құндылықтары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңаша зерттеулермен әлем назарын аудартуда.
Маңғыстау 27 Қазан, 19:32

Ruh.kz хабарлағандай, бүгінде өлкеміздің тарихи-мәдени мұраларын сақтау және әлемдік деңгейде танымал ету мақсатында 8 жоба әзірленді. Олардың бірі – бүкіләлемдік мұралар тізіміне кіретін жер асты мешіттерін ЮНЕСКО-ға енгізу.

«Бұл тізімге Маңғыстаудың 13 жерасты мешіті енді. Жұмыстар екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде номинация құжаты ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне ену үшін уақытша тізімге енгізілген ескерткіштер сериясына дайындалды. Екінші кезеңде объектілерді комиссияның мақұлдауынан кейін тізімге қосу жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне тағы екі алаң кіреді. Олардың бірі – 2012 жылдың 3 мамырында «Ұлы Жібек жолы» номинациясы бойынша қабылданып, ЮНЕСКО-ның алдын ала тізімдегі 26-шы орында тұрған Қызылқала орта ғасырлық елді мекені және ЮНЕСКО-ның «Аралас мәдени мұра» номинациясы бойынша Түпқараған түбегінің табиғи және тарихи ескерткіштердің бірегей үлгісін енгізу жөніндегі жұмыс басталды.





Яндекс.Метрика