Парламент

Мәжіліс комитеті МӘМС мерзімін ауыстыру мәселесін қарады

Бүгін Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлнар Иксанованың жетекшілік етуімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мерзімін ауыстыруға қатысты отырыс өтті.
Астана қаласы 27 Қазан, 12:41

Палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында Үкімет Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізудің халықаралық тәжірибесіне талдау жасап, жүзеге асырудың алғышарттарын жасады.

 Осыған орай, бүгінгі Комитеттің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мерзімін ауыстыруға қатысты ұсыныстарды қарады.

Олар: қатысушыларға медициналық көмек көрсету мерзімі; жеке тұлғалардың жарна төлеу (жалдамалы жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) және халықтың жеңілдікті санаттары үшін мемлекеттік жарналар мерзімі; амбулаториялық және амбулаториялық көмек түрінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көлемі мен құрылымы; кәсiпорындардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi салық ауыртпалығының мөлшерi және тағы басқалар.

Іс-шарада Денсаулық сақтау Вице-министрі Л. Ақтаева, Еңбек және халыққа әлеуметтік қорғау Вице-министрі Б. Нұрымбетов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағасы Л. Бахмутова қатысып, баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жуап берді.
 

 





Яндекс.Метрика