Халықаралық интеграция

Д. Қалетаев: Ереванда Жол картасына қол қоюдан бас тарту – дұрыс шешім

Армения, Қырғызстан, Ресей және Беларусьтің қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қазақстан Үкіметінің Ереванда Жол картасына қол қоюдан бас тартуы туралы өз пікірін сенатор Дархан Қалетаев білдірді.
Нұр-Сұлтан 27 Қазан, 10:42

«Жол картасын пысықтау қажет, онда өте аз мәселелер қамтылған және оған шұғыл түрде қол қою қажет деп ойламаймын. Бұл мемлекетаралық қарым-қатынастардың әдеттегі процесі және белгілі бір шешімді талап етеді», — деді Д. Қалетаев.

Депутат ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың шешімін толық қолдайтынын және болашақта екі ел де құрылымдық шешім үшін ортақ тіл табатынын атап өтті.

«Бұл мәселелер тек Қазақстанға ғана қатысты емес, ҚР Премьер-Министрі нақты сандарды мысалға келтірді. Мен оның позициясын толық қолдаймын, Премьер-Министр біздің мүдделерімізді қорғауда. Бұл дұрыс. Бізде бір-бірімізге қатысты мәселелер туындайды, алайда, біз ортақ шешімге келеміз деп ойлаймын», - деп қорытындыладыл сенатор.

Еске сала кетейік, Арменияда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесте ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанға байланысты ЕАЭО елдерінің миллиардтаған шығындары туралы айтып өткен болатын. Отырыс қорытындылары бойынша ҚР Премьер-Министрі Жол картасына қол қоюдан бас тартты.  

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика