«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қызылорда облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 47 тұрғын үй салынып жатыр

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 9 айлық жұмысын қорытындылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Қазан , 19:44

Басқарма мамандарының мәліметінше биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыста 47 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Олар негізінен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ мен «Самұрық Қазына» АҚ желісі арқылы салынуда.  

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық қордан Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі №2 кварталындағы 160 және 50 пәтерлі екі жалдамалы үй құрылысына 1 562,5 млн.теңге бөлінді.

Қазіргі күні, аталған тұрғын үйлердің құрылысына мердігерлермен келісім-шарттар жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  

 




Яндекс.Метрика