Үкімет

Үкіметте Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы26 Қазан , 20:01

Отырыс барысында қатысушылар салық реформасының іске асырылу барысын, сондай-ақ, ҚР-да зияткерлік меншік құқықтарын күшейту және қорғау мәселелерін талқылады.

 Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен, Үкімет қаулысымен 2012 жылғы 1 наурызда еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға қатысты жүйелі мәселелерді шешу мақсатында құрылған. Кеңестің басты мақсаты — отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға әрі оларды тиімді пайдалануға жәрдемдесу, сондай-ақ, инвесторларға Қазақстандағы жұмыстары барысында пайда болған түйіткілді мәселелерін шешу тұрғысынан қолдау көрсету. 




Яндекс.Метрика