Рухани жаңғыру

Азат Перуашев латын әліпбиіне көшу туралы түсініктеме берді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Президенттің қазақ тілін латын қаріпіне көшіру туралы жарлығын шығару қажеттілігі туралы түсініктеме берді.
Астана қаласы 27 Қазан, 09:14

«Ақ Жол» партиясы қазақ тілінің латын қаріпіне көшуін қолдайды. Бұл біздің партиямыз үшін аса маңызды проблемалардың бірі. Аталмыш мәселе «Ақ Жол» партиясының 2007 жылдан бастап саяси бағдарламасына енгізілген. Сондықтанда біз үшін латын қаріпіне көшу тарихи тұрғыда да өте маңызды. Мен бұл бастаманы толығымен қолдаймын», - деді депутат. 

Осы ретте, Азат Перуашев атап өткендей, тақырып халық арасында кеңінен, әрі қызу талқылануда.

«Латын әліпбиі тұрғысында кез-келген азамат өз пікірімен бөлісіп, тіпті өз ұсыныстарын ұсынуда. Менде өзімнің тарапымнан ұсыныс тастадым. Қызу талқылаудан кейін латын әліпбиінің екінші нұсқасы таныстырылды. Біз Президенттің қазақ тілінің латын қаріпіне көшіру туралы жарлығының қажеттілігін қолдаймыз», - деп атап өтті А. Перуашев. 

Бұдан басқа, депутат екінші әліпби нұсқасын толығымен қолдайтынын жеткізді.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика