Рухани жаңғыру

Латын әліпбиіне көшу қазақ тіліне қызығушылықты арттырады – Г.Баймаханова

Латын əліпбиіне көшу қазақ тіліне деген қызығушылықты арттырып, оны оқуға жаңа қарқын береді. Мәжіліс депутаты Галина Баймаханова осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 17:23

"Біз осы күнге дейін латын əліпбиінің екі нұсқасымен таныстық. Бірінші нұсқада диграфтар қолданылса, екінші нұсқа бір əріп-бір дыбыс принципімен жасалған. Қандай нұсқа болмасын, менің ойымша латын əліпбиіне көшу қазақ тіліне деген қызығушылықты арттырып, оны оқуға жаңа қарқын береді. Бүгінгі күннің өзінде Қазақстан көптілді мемлекет. Қазақ тіліне қатысты мемлекеттік саясат пен оған көптеген бюджет қаржысының бөлінуіне, сондай-ақ, түрлі бағдарламалардың қабылданылуына қарамастан халықтың толық қазақ тілінде сөйлеу мақсатына əлі жеткен жоқпыз. Осы мақсатқа жету үшін латын əліпбиіне көшу керек деп ойлаймын", - деді Баймаханова.

Депутаттың айтуынша, латын қарпіне көшудің еш қаупі жоқ. Егде адамдар да оны біртіндеп үйреніп алады.

"Бұл істе мамандар атсалысқандықтан қабылданатын латын қарпі жан - жақты зерттеліп-зерделенген, талқыланған, бастысы қолданыста өте қолайлы болады ойлаймын", - деген мəжілісмен президенттің бүгінгі тапсырмасын толық қолдайтынын айтты.




Яндекс.Метрика