Экология

ҚР биоалуандылығының сақталуы сенімгерлік экологиялық қорларға байланысты – А. Асылбеков (ВИДЕО)

Эксклюзив
Биоалуандылықты және табиғи экожүйелерді сақтаудың анағұрлым тиімді механизмі, сондай-ақ қазіргі қаржыландыру тапшылығын өтеу көзі – сенімгерлік экологиялық қорлар құру. Бұл туралы Биоалуандылықты сақтау қорының директоры Асылхан Асылбеков «Strategy2050.kz» АА-ға берген айрықша сұхбатында айтып берді.
Нұр-Сұлтан 26 Қазан, 16:56

«Бізде биоалуандылықтың дамуына теріс әсер ететін көптеген факторлар бар. Мысалы, табиғи ресурстардың ұтымсыз пайдаланылуы мен таусылуы, экожүйелердің деградациясы және жануарлар дүниесімен өсімдіктер дүниесінің кейбір түрлерінің жоғалуы, халықтың жеткіліксіз экологиялық мәдениеті. Әлемдік қоғамдастықтың пікірінше, биоалуандылықты және табиғи экожүйелерді сақтау механизмі, сондай-ақ қазіргі қаржыландыру тапшылығын өтеу көзі сенімгерлік экологиялық қорлар құру болып табылатынын атап өту қажет», - деді  А. Асылбеков.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда экологиялық проблемаларды шешуге, биоалуандылықты дамытуға, қоршаған ортаны сақтаудың жаңа баламалы әдістерін құруға бағытталған көптеген қорлар бар. Алайда, «Қазақстанның биоалуандылығын сақтау қоры» - Қазақстанда биоалуандылық саласында гранттар беру құқығына жалғыз қор.

«Қор жалпы танылған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес үздік халықаралық тәжірибені зерттеу мен талдау нәтижесінде құрылған. Біз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен тығыз байланысты жұмыс істейміз», - деді А. Асылбеков.

Оның айтуынша, қордың мақсаты экологиялық жобаларды қаржыландыру және қаражат жинау арқылы еліміз бен өңірлердің тұрақты дамуына жәрдемдесу болып табылады. Қордың негізгі міндеттері – табиғатқа ұқыппен қарауға тәрбиелеуге бағытталған жобаларды іздеу, қорғау бойынша тиімді шараларды танымал ету, биоалуандылық жағдайын талдау, туристерді тарту, табиғатты сақтауға инвестиция салған компанияларды жарнамалау.

«Қордың биоалуандылықты сақтау, жер деградациясын төмендету саласындағы гранттық жобаларды іске асырудағы тәжірибесі мол. Орман шаруашылығын тұрақты басқару, кіріс алудың баламалы көздерін жасау, инфрақұрылым жасау және жергілікті әлеуетті дамыту бойынша кіші жобаларға 44 грант берілді. Осы кіші жобаларды жүзеге асыру үшін 2 236 000 доллар бөлінді. Сондай-ақ су секторында және ауыл шаруашылығында ресурс үнемдеу технологияларын енгізуге 207 000 доллар бөлінді», - деп ақпараттандырды А. Асылбеков. 

Сондай-ақ оның айтуынша, жыл сайын «Фламинго» фестивалі өткізіледі, бұл Қорғалжын ауданының бірегей биоалуандылығы проблемаларына назар аударуға мүмкіндік береді.

Қайрат Жандыбаев

Видео: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика