Цифрлы Қазақстан 2022

ПИК жұмысын мобильдік қосымша арқылы бақылауға болады

436 П(Ж)ИК және қызмет көрсетуші компаниялар қаланың үш ауданы бойынша 5 компанияның арасында біркелкі бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Астана қаласы27 Қазан , 08:44

«Астана Innovations» АҚ  қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасымен бірлесіп елордада «е-ПИК» жобасын белсенді түрде енгізумен айналысып жатыр.«Е-ПИК» жобасын іске асырудың басты мақсаты: тұрғындар арасындағы байланысты жақсарту, қызмет көрсету сапасын арттыру және ПИК қызметінің тұрғындар алдындағы ашықтығын қамтамасыз ету.

«Техникалық тапсырмаға сәйкес ашық конкурс өткізілді. Оның қорытындысы бойынша біз ары қарай ауқымдандыруға ұсынылған 5 үздік шешім іріктеп алынды.436 ПИК және қызмет көрсетуші компаниялар қаланың үш ауданы бойынша 5 компанияның арасында біркелкі бөлінді», - делінген ақпараттық хабарламада.


Осылайша, бүгінгі таңда Тұрғын үй инспекциясы басқарасымен бірлесіп, ПИК-терді ауқымдандыру кестесіне сәйкес, жүйеге қосу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр.

 




Яндекс.Метрика