Парламент

Мәжілісте Сергей Дьяченконы еске алды

Мәжілісте «Өмір - халық пен Отанға қызмет ету» кітабының таныстырылымы өтті, кітап мемлекет және қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаты Сергей Дьяченкоға арналған.
Нұр-Сұлтан 26 Қазан, 13:14

Палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, жинаққа Сергей Дьяченко туралы елімізге белгілі достарының, әріптестерінің көрнекті тұлға туралы естеліктері, арнаулары, жүрек-жарды лебіздері мен ой-толғамдары жазылған.

Іс-шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, жақындары мен туыстары қатысты. Сергей Дьяченконың еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуына қосқан үлесі туралы естеліктер айтылды.

Дьяченко Сергей Александрович Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері. Көп жылдар бойы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің сенімді серіктесі болып, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына белсенді атсалысқан.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің II, III, IV, V және VI шақырылым депутаты. Парламент Мәжілісінің III-V шақырылымындағы Төрағаның орынбасары қызметтерін атқарған. Саяси ғылымдардың докторы. 100-ден аса ғылыми жұмыстардың, кітаптардың, оқу құралдарының және анықтамалықтардың авторы.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика