Экономика

Алматы облысында қосымша 1191 жұмыс орны ашылды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында биылғы жылғы 9 айдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 4-ші тоқсанға қойылған міндеттер талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы27 Қазан , 12:14

Негізгі баяндаманы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов жасады.

Ж. Әмірхановтың айтуынша, облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі 540,0 млрд. теңгені құрады,  нақты көлем индексі - 104,3%. 44 жаңа нысан іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 25 нысан кеңейтілді, қосымша 1191 жұмыс орны құрылды. Карта шеңберінде құны 55 млрд. теңге болатын 7 жоба пайдалануға беріліп, 1475 жұмыс орны құрылды. Бүгінгі күні 2 нысан іске қосылды – Қаратал ауданындағы «Алматы Шыны» және металл конструкцияларын өндіретін «PSI StroyIndustry» зауыттары.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім 459,6 млрд. теңге болып, өсім 1,6% құрады. Биылғы жылы АӨК нысандарына бөлінген мемлекеттік қолдау бюджеттік қаржысы 33,9 млрд. теңге, оның ішінде субсидий - 25,7 млрд.теңге.

9 айдың ішінде облыс экономикасына 349,8 млрд.теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 89,4%. Бюджеттен тыс инвестиция тарту жолдарының бірі –мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту. Қазіргі кезде облыс қоржынында жалпы құны 216 млрд. теңгенің 33 жобасы бар.

Сонымен қатар баяндамашы шағын және орта бизнесті, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту, құрылыс көлемін арттыру мәселелері туралы айтып өтті.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика