Экономика

СҚО-да 161 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов «Мұнаймаш» зауытының жұмысымен танысты. «Мұнаймаш» АҚ бас директоры Спартак Пушкарев өңiр басшысына зауытты жаңғырту саясаты туралы баяндап бердi.
Солтүстік Қазақстан26 Қазан , 11:48

Қазiр акционерлiк қоғам жаңа технологияларды енгiзу арқылы ескi бiлдектердi жаңа қондырғыларға ауыстыру жұмысын жүргiзiп жатыр. Биыл зауыт соңғы үлгiдегi фрезер бiлдегiн 60 миллион теңгеге сатып алды. Бұл қондырғы мұнай-газ және машина жасау саласына қажеттi жаңа өнiм тiзбегiн шығаруға мүмкiндiк бермек.

Жалпы, облыста  2017 жылдың  9 айында өнеркәсіптік өндіріс өнімі  161 млрд теңгені құрады. Машина жасау  2,2 есе  өсімді құрады.

 «Жаңа бiлдек 5 координат бойынша жұмыс iстей алады. Бiз ұңғымаларды жөндеуге арналған пакер атты бұйымды шығаратын боламыз. Өнiм өте күрделi. Қазақстанда әзiрге мұндай бұйым шығарылмайды», — дедi Спартак Пушкарев.

Келесi жылы зауыт басшылығы жалғаспалы қондырғыларды сатып алуға 100 миллион теңге жұмсамақ. Бұдан алдында кәсiпорын жоғары өнiмдi 12 бiлдек сатып алған болатын. Биылғы жылғы зауыттағы инвестиция көлемi 200 миллион теңгенi құрап отыр.

 




Яндекс.Метрика