«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақмола облысында үйлер бірыңғай сәулет стилінде салынады

Ақмола облысында үйлерді салу кезінде бірыңғай сәулет стилі қолданылады.
Ақмола26 Қазан , 11:14

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, 2018 жылдан бастап Целиноград ауданының Ақмол және Қабанбай батыр елді мекендерінде 52 гектар жерде бірыңғай сәулет стилінде құрылыс жүргізу жоспарлануда.  

Ағымдағы жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы басталды, оның іске асырылуы 2031 жылға дейін есептелген. Бағдарламада бірыңғай нобайлық жоба бойынша үйлерді салу көзделеді. Ипотекалық несиелендіруді қаржыландыру екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Инженерлік желілері тартылған дайын тұрғын үйлер жер учаскелеріне кезекте тұрған адамдарға бөлінеді. Бас тартқан жағдайда, азаматтар бұрынғысынша кезекте тұрады, алайда, үй кейінгі кезекте тұрғандарға беріледі. Бас тартқан азаматтарға жер учаскелерін беру мемлекет қаражаты есебінен аудандарды дайындау бойынша жүзеге асырылады. 




Яндекс.Метрика