Халықаралық интеграция

Алматы әкімі ЭЫДҰ-ның бас хатшысымен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «ЭЫДҰ Еуразия апталығы -2017: бірге даму үшін нарықты ашу» форумы аясында Экономикалық ынтымақтастық даму ұйымының бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 25 Қазан, 20:21

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Бүгінгі таңда ЭЫДҰ-ның стандарты барша халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуды қалайды, сондықтан олардың жетістіктері ел және қалалар үшін өте маңызды. Форумды алғаш рет өңірде өткізу фактісі әрі ол үшін Алматының таңдалуы бәсекелестікті одан әрі дамытудың қосымша тұғырнамасы болып табылады.

Кездсу барысында ЭЫДҰ-ның бас хатшысы Анхель Гурриа өңірлік локомотив ретінде Алматымен ынтамқтастықты нығайтуға ынталы екендіктерін білдірді.

«ЭЫДҰ елдері тұрғындарының 75%-ы қалада тұрады,инновациялар құрылып, қаржы жинақталады. Ұйым мегаполистерді тұрақты дамыту мәселесін қарастыруда, біз бұл ретте Алматы әлеуетінің зор екенін көрудеміз», - деп атап өтті А.Гурриа.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан мен ЭЫДҰ-ның ынтымақтастығы бәсекелестіктің Евразиялық бағдарламасы аясында 2008 жылдан бері жалғасып келеді, оған Орталық Азияның, Кавказ бен Шығыс Еуропаның 13 елі қатысады.

Бұл күндері Алматыда өтіп жатқан «ЭЫДҰ Еуразия апталығы -2017» форумына Еуразия мен ЭЫДҰ елдерінің мемлекеттік органдарының басшылары, халықаралық серіктес ұйымдардың, ғылыми қоғамдастықтың, бизнес пен қоғамның өкілдері қатысуда. Алқалы шара Еуразия мен ЭЫДҰ мемлекеттері арасында бәсекелестік пен өңірлерді дамытуға қатысты өзара байланысты дамытуға бағытталған.

 





Яндекс.Метрика