Өңірлер

Петропавлда жыл соңына дейін 11 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Петропавл қаласында қолданысқа берiлген 126 және 75 пәтерлi үйлердi аралап, баспана иелерiмен тiлдестi, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан 25 Қазан, 19:35

Жалпы облыс орталығында мемлекеттiк тұрғын-үй бағдарламасы сәттi жүзеге асуда. 2016 жылы 619 пәтерлi 7 үйдi iске қосылды. Былтыр 50 мың шаршы метр енгiзiлсе, биыл «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында бұл көрсеткiш 83 мыңға жеттi. Өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары.

Бүгiнгi күнге дейiн Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкi желiсi бойынша 4 үй қолданысқа берiлдi. Жыл соңына дейiн 222 пәтерлi 3 ипотекалық үй және 400 пәтерге шақталған жалдамалы-коммуналдық 4 үй енгiзiледi.

«Биыл бiз 11 тұрғын үйдi қолданысқа беремiз. 1003 отбасы пәтерге ие болады. Оның 400-iн әлеуметтiк қорғалмаған топтарға, оның iшiнде көп балалы аналарға, мүгедектерге беретiн боламыз», — деп атап өттi өңiр басшысы.

Айта кету керек, 2012 жылдан берi Петропавлда бар болғаны мың пәтер берiлсе, тек биылдың өзiнде осыншама баспана халық игiлiгiне тапсырылады.

Келесi жылы бұл жұмыс қарқынды түрде жүргiзiлмек. 2018 жылы 15 үй салынып, 1660 отбасы қоныс тойын тойлайды. Тұрғын үйлер Береке, Жас Өркен шағын аудандарында және Жуков көшесi бойында тұрғызылады.





Яндекс.Метрика