Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

ҚР Президенті жанынан Кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылады

Елімізде ҚР Президенті жанынан Кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылады. Мемлекет басшысы осындай Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы akorda.kz сайтында хабарланған.
Казахстан13 Наурыз , 00:00

Сондай-ақ Жарлыққа сәйкес, облыстардың, астананың, республикалық маңыздағы қалалардың кадрлық комиссиялары құрылатын болады. Мемлекет басшысы 2013 жылыдң 7 наурызында қол қойған бұл Жарлық 2013 жылдың 26 наурызында күшіне енеді.

ҚР Президенті жанындағы Кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ержеге сәйкес, Комиссияның функциясына «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың жеке ісін қарау және олармен әңгімелесу; Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарда мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларын және өкілдерін, оның ішінде облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың кадрлық комиссиялардың төрағаларын тыңдау; Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау; Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалар мен нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды ҚР Президентінің қарауына енгізу кіреді.




Яндекс.Метрика