Рухани жаңғыру

Латын әліпбиі туған тіліміздің шексіз мүмкіндіктерін аша түседі

Астанада бірыңғай латын әліпбиіне көшу туралы дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады ҚР МСМ.
Нұр-Сұлтан 25 Қазан, 18:56

Шараға ҚР МСМ тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыстар комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мельдешов, «Астана Балет» театры директорының орынбасары Дүйсембай Мұсабеков, «Астана Балет» театрының шығармашылық ұжымы және әкімшілік қызметі қатысты.

«Латын қаріпіне көшу замануи технологияларға қолжетімділікті арттырады. Біздің алдымызда 2025 жылға дейін барлық жазба құндылықтарымызды латын қаріпіне көшіру туралы міндет тұр. Заманауи технологиялар дәуірінде бұл жұмысты техника санаулы секундта жузеге асыратын болады», - деп атап өтті Ғалымжан Мельдешов «Астана Балет» елордалық театры ұжымының алдында сөз сөйлеу барысында.

Бүгінде театр өзгеде елдердің театр ұжымдарымен, танымал өнер майталмандарымен белсенді қарым-қатынас орнатқан. Олармен күн сайынғы жазба және жұмыс барысында латын қаріпі белсенді қолданып келеді. Сонымен қатар, латын қаріпіне көшу шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеруін жеңілдете түседі.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар бір ауыздан латын әліпбиі – XXI  ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернеттің және IT-технологияның тілі деп өз пікірлерін білдірді. Жалпы, туған тілімізді жаңғырту жаңа технологияларды, білімді, ғылымды меңгеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ, ұлттық бірегейлімізді нығайтады. 





Яндекс.Метрика