Экономика

Астанада ШОБ нысандары шығарған тауар 617 млрд теңгеге көбейді

2017 жылдың қаңтар-маусым айларындағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарымен тауар шығарылымы 1 734,5 млрд.теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың салыстырамалы кеңезінен 617 млрд теңгеге көп, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Нұр-Сұлтан26 Қазан , 09:12

«Аймақтық жалпы өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 2016 жылы 57,4% көрсетті, 2015 жылмен салыстырғанда 11,4% көбейді (2015 жылы 46% құраған болатын). Аталған көрсеткішпен Астана еліміздің аймақтары арасында алдынғы орынды сақтап қалды», - делінген қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы таратқан хабарламада.

Бұған қоса 2017 жылдың 1 қазанындағы көрсеткішке сәйкес ШОК саласында жұмыс істеп жатқан нысандар 97 752 құрады, өткен жылмен салыстырғанда 7,1 % ұлғайған.

Сонымен бірге кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны да артты.  Бүгінде онда 316,2 мың адам жұмыс істейді, яғни 2016 жылғы көрсеткіштен 9,0% көп.

 

 

 




Яндекс.Метрика