Басқару

Қазақстанда 140 млрд теңгенің ипотекалық несиеcі қайта несиелендірілді

Қазақстанда проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бойынша жалпы сомасы 140 млрд теңгенің ипотекалық несиесі қайта несиелендірілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 15:19

«Мемлекет басшысы ипотекалық несиелердің мәселесін шешуді тапсырған болатын. Бүгінде аталмыш мәселені шешу мақсатында ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру аясында  жалпы сомасы 140 млрд теңгенің ипотекалық несиесі қайта несиелендірілді. Астана қаласы бойынша 160 млн теңгеге ипотекалық несие қайта қаржыландырылды. Осылайша жалғыз баспанасы бар елордалық 1997 борышкердің мәселесі оң шешімін  тапты. Жалпы мұндай бағыттағы жұмыстар еліміздің барлық аймақтарында бірдей жүзеге асырылуда», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов.

Ұлттық банктың берген мәліметіне сүйенетін болсақ, 2017 жылғы қыркүйекте заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 8 779,3 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 4 443,2 млрд. теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды. 

Ал, ұлттық валютамен берілген кредиттердің көлемі бір айда 9 485,3 млрд. теңгеге дейін 2,5%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 3,2%-ға, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1,6%-ға өсті. Шетел валютасымен берілген кредиттердің көлемі 3 737,2 млрд. теңгеге дейін 1,2%-ға азайды, оның ішінде заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,3%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 0,4%-ға азайды. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 71,0%-дан 71,7%-ға дейін ұлғайды.

Бұдан басқа, ұзақ мерзімді кредиттер көлемі 11 107,6 млрд. теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 2 115,0 млрд. теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды.

Атап өтер болсақ, 2017 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 13,1% (2016 жылғы желтоқсанда – 14,5%), жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 18,8% (18,4%) болды.

Мөлдір Асқарқызы




Яндекс.Метрика