Адами капитал

"Қазақстандық Медиа Альянс" өз жұмысын бастады

"Қазақстандық Медиа Альянс" республикалық қоғамдық бірлестігі өз жұмысын бастады. Бұл туралы ұйымның алғашқы құрылтай съезінде ұйымдастырушылық комитет төрағасы Арманжан Байтасов хабарлады.
Нұр-Сұлтан 25 Қазан, 14:32

 BNews.kz хабарлағандай, ұйым медиа қызметкерлерінің әлеуметтік және кәсіптік-шығармашылық мүдделерін қорғауға ниетті. 

 «28 маусымда біз ұйымдастырушылық комитет құрдық, оған Қазақстандағы белгілі медиа тұлғалар енді. Жұмысқа белсенді қатысқандарға ризашылығымды білдіремін. Біз үлкен жолдан өттік: жиналыстар өткіздік, тіркеуден өттік. Енді, міне, қазан айының басында Мемлекеттік тіркеуден өттік», - деді Арманжан Байтасов.

Ұйымдастырушылық комитетінің төрағасы өз сөзінде медиа-қоғамдастықтың негізгі бағыттарының бірі журналистердің құқықтарын қорғау болатынын атап өтті. 

«Біз барлығымыз әр түрлі істермен айналысамыз. Саяси, қала өміріне қатысты әр түрлі оқиғаларды жарықтандырамыз. Алайда, өкінішке орай, бізде өз құқықтарымызды қорғаумен айналысуға, бірігіп, ортақ стратегия әзірлеуге уақыт жетіспейді», - деп атап өтті ол.

Ұйым медиа-сала қызметкерлерінің мүдделерін мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және соттарда қорғауға ниетті. Сондай-ақ «Қазақстандық Медиа Альянс» медиа-қоғамдастықтың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге де қатысады. 

А. Байтасов   республикалық, өңірлік журналистер бірлестіктері, басып шығарушылар, блогерлер Альянс мүшелері бола алатынын айтты.





Яндекс.Метрика