АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Машина жасауды дамыту ауыл шаруашылығының даму әлеуетін арттырады – АШМ (ФОТО)

Отандық машина жасауды дамытусыз ауыл шаруашылығын дамыту әлеуеті төмен болмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев «KazAgro-2017» және «KazFarm-2017» халықаралық көрмесінде айтты.
Нұр-Сұлтан 25 Қазан, 12:46

«Өткен күні Парламент Мәжілісінде  Жол картасы таныстырылды, ол арқылы жақын арадағы отандық техниканы шығарудың  техникалық агрегаты мен  ауыл шаруашылығы көліктері паркін анықтайды. Мемлекеттік қолдау да қарастырылатын болады. Біз ауқымды істің алдында тұрмыз. Бүгінде  отандық  машина жасауды дамытусыз   ауыл шаруашылығын дамыту әлеуеті төмен болмақ», - деді Е.Нысанбаев.

Айта кетейік,  23 қазанда  АӨК мемлекеттік қолдауды жетілдіру мен  АШМ мембағдарламасын  дамыту мақсатында  Парламент Мәжілісінде Ауыл шаруашылығы бағыттарын дамыту мен АӨК мемлекеттік қолдауды жетілдіру картасы таныстырылды.

Айта кетейік, Астанада «KazAgro-2017» және  «KazFarm-2017» халықаралық көрмелері өтуде. «Көрме» орталығында  32 елдің  300 ауыл шаруашылығы компаниясы жиналды.

Ақбота Күзекбай

Фото: автор





Яндекс.Метрика