АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

«KazAgro/KazFarm» көрмесінде 32 ел өздерінің ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен таныстырады

Астанада «KazAgro-2017» және «KazFarm-2017» халықаралық көрмелері ашылды. Әлемнің 32 елінен 300-ге жуық ауыл шаруашылығы компаниялары "Көрме" орталығында жиналды.
Нұр-Сұлтан 25 Қазан, 12:32

Көрмеде ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі саласындағы жетістіктер, сондай-ақ мал шаруашылығындағы инновациялар ұсынылады. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев атап өткендей, көрмеде отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ерекше назар аударылған. 

«Қазақстан Республикасының АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында импортты алмастыру бағыты айқындалған. Осы бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі бәсекеге қабілетті өнімнің отандық өндірушілерін қолдау болып табылады. Осы аспектіде "КазАгро-2017», «KazFarm-2017» көрмесі отандық агробизнестің шет елдермен ынтымақтастықты кеңейтуге, сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға, ынтымақтастық орнатуға дайындығы туралы Қазақстан Республикасының әлеуетімен таныстырады», - деді Е. Нысанбаев.

Айта кету керек, жыл сайын іс-шараға әр түрлі елдердің ұлттық стендтері қатысады. 

Ұйымдастырушылар хабарлағандай, биыл олардың тізімі Испанияның және РФ Түмен облысы Сауда-өнеркәсіптік палатасының стендтерімен толықты.  

Негізгі павильонды "Ауыл шаруашылығы техникасы, жабдық және ілеспе тауарлар" блогы алды. Мұнда техниканың стационарлық және жеке көрсетілімдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кластерлерінің көрмесі өтуде. 

"Өсімдік шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы" блогында компаниялар өсімдіктер селекциясының әдістерін, ең жаңа технологияларын, сондай-ақ өсімдік сұрыптарын ұсынады. 

"Мал шаруашылығы" бөлімінде Қазақстанда өсірілетін асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларымен таныстыру жоспарланған. Көрмеге келушілер жақсартылған және элиталық тұқымдарды көре алады.

Көрме 27 қазанға дейін созылады.

 

Ақбота Күзекбай

Автордың суреті





Яндекс.Метрика