Басқару

Мемлекет қаржысын талапқа сай қайтармаған екінші деңгейлі банктер мемлекет иелігіне өтеді – Д. Ақышев

Мемлекет қаржысын талапқа сай қайтармаған екінші деңгейлі банктер мемлекет иелігіне өтеді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 11:48

«Осыдан екі жыл бұрын банк жүйесіндегі активтердің сапасын бағалау туралы тапсырма берілген болатын. Сол кезде екінші деңгейлі банктердегі ахуалдың мәз еместігі анықталса, реттеуші ретінде Ұлттық банк нақты шара қолдана алмайды деген пікірлер айтылды. Осы ретте, біз екінші деңгейлі банктерді капиталдандыру бағдарламасын  жүзеге асыру керек деп шештік. Айта кетер болсақ, бұл бағдарламаның шарттары өте күрделі», - деді  сөз басында  Ұлттық банк төрағасы  Данияр Ақышев.

Д.Ақышевтың айтуынша, Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің капиталына қайтарым негізінде еніп отыр.

«Жаңа бағдарлама негізінде, қайтарым негізінде Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің капиталына енетін болды. Нәтижесінде алғашқы бес жылда екінші деңгейдегі банктер қаржының жартысын  толық көлемде қайтаруы  керек. Бұл аз қаржы емес.  Ал, бағдарламаның шартын орындамаған қаржы орталығы мемлекет иелігіне көшетін болады. Жалпы, менің ойымша бүгінгі банк иелері өз банктерінен оңайлықпен бас   тарта қоймас, сондықтан да олар бағдарламаның шартын толығымен орындап келеді. Бұл бағдарламаға бүгінде төрт банк тартылған»,-  деді Ұлттық банк төрағасы.

Мөлдір Асқарқызы




Яндекс.Метрика