Басқару

Н.Назарбаев Си Цзиньпинді қайта сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 11:34

«Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.

«Сіздің басшылығыңызбен Қытай Коммунистік партиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту барысында елеулі жетістіктерге жетті.

Сізге достас Қытай мемлекетінің халықаралық беделі мен әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру жолындағы дамылсыз әрі жасампаз еңбегіңізге сәттілік тілеймін.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да қарқынды дамитынына, сондай-ақ халықтарымыздың достығы нығая түсетініне сенім білдіремін», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық пен амандық тілеп, достас Қытай халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестігін білдірді.

 




Яндекс.Метрика