Үкімет

Н.Нығматулин тұтынушылардың құқықтарын қорғады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс жобасын әзірлеушілердің тұтынушыларды қайталап алдағаны үшінайыппұлды төмендету, сондай-ақ, тауарларды құжатсыз сатуға қатысты түзетулеріне таңданысын білдірді.
Нұр-Сұлтан25 Қазан , 11:08

 Мәжілістің жалпы отырысында Н. Нығматулин Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің бірінші оқылымында депуттаттардың сайлаушылармен кездесу барысында, сондай-ақ, азаматтардан тауарлар мен қызметтердің сапасына байланысты алданғандығы туралы көптеген шағымдар келіп түсетінін атап өтті.

«Айыппұл мөлшерін төмендетуге байланысты Заң жобасын әзірлеуші Әділет министрлігі және осы бап бойынша әкімшілік істі жүргізетін орган Ішкі істер министрлігі нені басшылыққа алды? Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға жауапты Ұлттық экономика министрлігі бұл ұстаныммен қалай келіскен?» – деп, Мәжіліс Төрағасы жобаны әзірлеушілерге сұрақ қойды.

Осыған орай, Н. Нығматулин жұмыс тобына тиісті министрлік өкілдерімен бірге заң жобасындағы аталған баптарды пысықтау кезінде дұрыс реттеу қажеттілігіне тоқталды.
 




Яндекс.Метрика