Парламент

Н.Нығматулин әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты өз пікірін білдірді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекс жобасын қарауда егер айтарлықтай зиян келтірілмесе, жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін норманы мұқият зерделеу қажеттілігі туралы мәселені көтерді.
Нұр-Сұлтан 25 Қазан, 11:03

 Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда қараған Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Шарада депутаттар қолданыстағы Кодекс бойынша егер айтарлықтай зиян келтірілмесе, жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін нормаға қатысты баптың жоқтығына назар аударды.  

Осы ретте әріптестерін қолдаған Палата Төрағасы Н. Нығматулин жеке кәсіпкер 100 теңге көлемінде лицензиялық алым төлемегені үшін 318 мың теңгеге айыппұл салынғанын тілге тиек етті.

Сонымен бірге Н.Нығматулин мұндай жағдайлар бірегей емес екенін атап өтті. Сондықтан, әзірлеушілер жұмыс тобымен бірге осы мәселені мұқият қарап, егер зиян келтірілмесе, жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін заңжобасын екінші оқылымда қарағанға дейін пысықтау қажеттілігін атап өтті.

«Жаза құқықбұзушылыққа сәйкес болуы тиіс», - деді Н.Нығматулин Әділет министріне қаратып.

«ҚазақстаншРеспубликасының  Әкімшілік  құқық  бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін төмендетуге, ескерту шараларының қолданыс аясын кеңейтіп, жазалардың түрін пайдалы арнаға бұруға бағытталған. Жалпы алғанда әкімшілік-деликтілік заңнаманы одан әрі ізгілендіруге негізделген.

Түзетулерге сәйкес, атап айтқанда, әкімшілік айыппұл көлемі орта есеппен 30% -ға төмендеуін, сонымен қатар, әкімшілік жаза түрін  ескерту ретінде кеңейту қажеттілігі ұсынылды.  





Яндекс.Метрика