Өңірлер

Қарағандыда 200 жер телімі жеке тұрғын үйлердің құрылысына берілетін болады

«Күнгей» шағын ауданында екі жүз жер телімдерін желтоқсанда жеке тұрғын үй құрылысы үшін беріле бастайды. Болашақ құрылыс орындарының барлық қажетті коммуникациялары жүргізілген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды25 Қазан , 10:34

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов басқа қалалармен салыстырғанда Қарағандыда жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдері аз берілетіні туралы сұрады. 

«Жарлық жер телімдері, оның ішінде «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша берілетін 260 учаскілер анықталған. Бірақ олардың көбісіне коммуникациялар өткізілмеген, сәйкесінше біз оларды жеке тұрғын үй құрылысына бере алмаймыз. Қазір біз құжаттарды дайындап, жер телімдеріне электр және кәріз жүйелерін тартуды жоспарлап жатырмыз. Пилоттық режимде біз тартылған коммуникациялары бар жүз жер телімін тараттық», - деді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров.

Барлығы Қарағандыда жеке тұрғын үй құрылысына арналған 5770 жер телімдері беріледі. Кезекте 11 445 қарағандылық тұр. Біздің қаламызда жеке құрылысқа арналған жер телімдері оларға коммуникациялар тартылмағандықтан 2007-ші жылдан бері берілмеген еді.

Мемлекеттен жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге тегін түрде жер телімдерін алу

Жеке құрылысқа арналған жер телімдері ҚР азаматтарының жеке меншігіне тегін түрде 0,10 гектар көлемінде беріледі. Саудаға салынған (байқаулар, аукциондар) жер телімдері тізіміне енген жер учаскелері ғана берілмейді. 

Басқаша айтқанда әрбір ҚР азаматы мен оралмандардың заңмен бекітілген құқығы бойынша тұрғын үй құрылысына 0,10 гектар жер тегін берілуі тиіс. Бұл ретте үміткердің меншігінде жылжымайтын мүліктің (пәтер, гараж, үй, жер телімі) бар-жоғы оған әсер етпеуі тиіс.

 

 




Яндекс.Метрика