ҚР Президентінің Жолдауы

"Нұрлы жер": 10% несие мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй алу (ФОТО, ВИДЕО)

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша субсидияланатын мөлшерлемелер аясында үлестік тұрғын үйді несиеге алуды ұсынады. Бұл туралы "ТҚКҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Жұматаева Үлескерлік құрылыс мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің кеңейтілген отырысы аясында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 24 Қазан, 17:07

«Нұрлы жер» бағдарламасы бірнеше бағытты көздейді. Бұл құрылысшыларды ынталандыруға қатысты бағыт. Біздің ұсынысымыз ипотекалық несиелендіруді ынталандыруға қатысты. Бағдарламада "бастапқы тұрғын үй" түсінігі айқындалған, бұл "Нұрлы жер" аясында пайдалануға тапсырылған дайын тұрғын үйді сатып алуға болатынын білдіреді. Бізде үлестік құрылыс белсенді дамып келеді. Біз бастапқы тұрғын үй түсінігін кеңейтуді ұсынамыз», - деді ол.

 

 

 

 

А. Жұматаева айтып өткендей, бүгінгі күні бұл механизм Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қатысуымен ішінара іске асырылған.  

" Нұрлы жер" бағдарламасы аясында дайын тұрғын үй алғысы келетіндер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жеңілдікті мөлшерлеме бойынша несие алады. Біздің жағдайда егер бастапқы тұрғын үй түсінігі кеңейтілетін болса, үйлерді құрылыс кезеңінде алуға болады. ТҚЖБ барлық салымшылары жылжымайтын мүлік түрінде қосымша қамтамасыз етуді ұсынбай-ақ салынып жатқан үйден үлес алу мүмкіндігіне ие болады», - деп қосты ол.

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры құрылысшылармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Бүгінгі консультациялық кеңеске құрылысшылардың өкілдері, кепілдендіру қорының қызметкерлері енді.

Ақбота Күзекбай 

Фото, видео: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика