Адами капитал

Жамбыл облысында радикалды ұйымдардың пиғылы талқыланды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобы Жамбыл облысында жұмыс істеді. Жергілікті халықпен кездесулер өткізіп, діни ағымдарды таңдауда адаспау туралы үгіт-насихат жүргізді.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 10:05

Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында министрлік сарапшылары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, теологтар мен дінтанушылар бар.

 Жиын барысында дәріскерлер діндегі рухани-адамгершілік мәселелерді,  экстремистік топтар мен деструктивтік діни бірлестіктерге қарсы түсіндіру жұмыстарын, дәстүрлі исламның қағидаларын насихаттау, дін атын жамылған және радикалды идеяларды деструктивтеу мәселелерін талқылады.

Сарапшылардан құралған ақпараттық-түсіндіру тобының жиынына Тараз қаласының және де облыс аудандарының тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, дін, БАҚ, еңбек ұжымдары, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер, және де спортшылар қатысты.

 

 




Яндекс.Метрика