АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Қызылордалық мектепте жылыжай салынады

2017-2018 оқу жылында Қызылорда қаласындағы №15 мектеп-лицейі БҰҰ Даму бағдарламасы аясында «Жылыжай» жобасының грантын ұтып алды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Қызылорда 25 Қазан, 08:42

Жалпы құны: 2 млн 200 мың теңге болатын жоба оқушыларға тәжірибе жасауға, биология сабағындағы теориялық білімін практикалық жұмыспен ұштастыруға мүмкіндік береді.

 Мектеп-лицей ұстаздары оқушыларды еңбекке баулуда, болашақта олардың ауылшаруашылық мамандықтарын таңдауына осы жылыжайдың әсері болатынын айтып отыр.  

Жобаны жүзеге асыруға мектеп ардагерлері, мұғалімдер, оқушылар мен ата – аналар жұмыла кірісті.

 





Яндекс.Метрика