Рухани жаңғыру

Павлодар облысының оқушылары латын әліпбиінде диктант жазды

Павлодар облысының Ертіс ауданында бесінші-алтыншы сынып оқушылары латын әліпбиінің жаңа нұсқаларын қолдана отырып, қазақ тілінде диктант жазды, деп хабарлады ruh.kz.
Павлодар24 Қазан , 19:13

"Т.А.Ә. латын графикасында жазамыз" акциясы аясында диктанттың екі нұсқасы ұсынылды. 

Бірінші нұсқада 25 әріп болса, екіншісінде - 32 әріп. Тақтаға әліпбиді іліп қойдық, оны қолдануға рұқсат етілді. Біз қатысушыларды бағаламаймыз,  олар бір-бірін тексеріп, қателерін түзетті. Диктантқа мұғалімдер де қатысты. Бұл белгілі бір тақырыпсыз сөздік диктант болды, біз ең жеңіл сөздерді таңдадық», - деді аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұргүл Сұлтанова.

Диктант нәтижелері  Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде  #LatynGrafikaErtis хэштегімен жарияланды.

Бұдан бөлек, аудан мектептерінде "Жаңа әліпби", "Латын әліпбиімен танысу" атты сынып сағаттары да өтуде, онда оқушылар латын графикасымен танысуда. 




Яндекс.Метрика