Инновациялар

Қазақстанда инновациялық обсерватория құрылады (ВИДЕО)

2018 жылы Қазақстанда инновациялық обсерватория құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының бас менеджері Бауыржан Ерешев мәлім етті.
Астана қаласы 24 Қазан, 14:59

«Біз қазір обсерваторияның  құрылымын қарап жатырмыз. 2018 жылдан бастап  обсерватория  белгілі бір пішінге ие болады, жаңа енгізілім  2018 жылдың  қаңтар айында бастау алады. Бұған дейін инновациялық обсерваторияның құрылымдық бөлшектері талқыланады», - деді Б.Ерешев.

Б.Ерешевтің айтуынша, елде инновациялық кеңселер белсенді түрде құрылуда.

 «Бүгінгі таңда инновация саласында өте ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Әрбір өңірде аймақтық инновациялық кеңселер ашылуда. Олардың рейтингтерін бақылау, методологиялық көмек беру, үздік тәжірибелер мен олардың көзін ашу - инновацялық обсерваторияның міндеті болады», - деді жобаның аға менеджері.


Инновациялық обсерватория тәуелсіз алаң ретінде жұмыс істейтін болады.

«Инновациялық абсерватория тәуелсіз алаң ретінде республикадағы барлық инновациялық процестер бақылауға алынып, оларға мониторинг жасалатын болады. Мұндағы басты мақсаттардың бірі - бизнес пен ғылымды бір-бірімен байланыстыру, ашық әрі қысқа мерзімде қос саланы ұштастыра жұмыс атқаруға қол жеткізу. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінде Қазақстан 59-шы орында тұр.Алаңды құру Қазақстандағы инновация үрдісін бақылап, үкіметке нақты баяндама ұсынуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Қоғамдық ұйымда  10-ға жуық адам жұмыс істейтін болады, деп түсіндірді БҒМ-де. Болашақта обсерватория  жеке компания  ретінде зерттеу мен бақылау жүргізумен айналысады.

«Қазақстандағы инновацияның барлық үрдістерін бақылап отыратын алаңның құрылуын  маңызды мәнге ие. Обсерватория Үкіметке есеп береді. Үкімет сол арқылы инновацияны дамытудың келесі қадамдарын анықтайды. Сондай-ақ, обсерваторияның құрылуы Қазақстандағы инновациялық экожүйені күшейтуе мүмкіндік береді.  Жобаны басқару тобының бас менеджері әр мемлекеттің инновациялық жүйесінің ұлттық ерекшелігі болғандықтан, қазіргі уақытта обсерваторияны құрудың жан-жақты сұрақтары талқыланып жатқанын атап өтті. «Бүкіләлемдік банктің кеңесімен жұмысқа тартылған халықаралық кеңесші обсерваторияның дизайнын ұсынды. Қазіргі уақытта инновациялық обсерваторияның құрылымын жасап жатырмыз», - деді Б.Ерешев.

 

Ақбота Күзекбай

Видео: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика