Үкімет

Қостанайда ЭКСПО-2017 көрмесінің қандай жобалары енгізіледі

ҚР Үкіметіндегі брифингте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Еркін Әбіл Қостанай облысында енгізілетін ЭКСПО-2017 жобалары туралы айтып берді.
Нұр-Сұлтан24 Қазан , 14:35

«ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайныдық пен өткізу жергілікті халықтың экология туралы түсінігін түрлендіріп, студенттер мен ел ғалымдарының зерттеу жұмыстарына әр берді. Бүгінде билік ұсынылған технологиялардың қазақстандық экономикада кең ауқымда пайдалануына ерекше назар аударып отыр. Қазақстанның барлық аймақтарында   ЭКСПО-2017 жобалары бойынша жол картасы жасақталуда», - деді Е. Әбіл.

Ректор хабарлағандай, Қостанай облысында ұсынылған 105 жобаның ішінен 10 іріктелініп алынды, оларды аймақ аумағында  жүзеге асыруға болады.
 

«Мысалы, «Қостанай Су» коммуналды кәсіпорнында екі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың біреуі ағын суларды жинауға бағытталған. Оның аумағы 7 мың гектар болса, көлемі 50 млн текше метрге жетеді.  Жаңа технологияны пайдалану ағын суларды экологиялық талапқа сай тазартуға мүмкіндік береді. Ал, Лисаковск қаласында көшені жарықтардыру үшін күн батареясымен жұмыс істейтін арнайы шамдар орнатылуда. Бүгінде олардың 20 қала бойынша орнатылған. Жаңа құрал ай сайын 3,5 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді  Е. Әбіл.  

Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық әсерді қамтамасыз ете білді, нақтырақ айтсақ ел экономикасын одан ары әртараптандыруға үлкен серпін берді, Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне, туризм, қонақ үй бизнесі, қызмет көрсету салаларын дамытуға оң әсер етті.  

«Бұл дегеніңіз шағын және орта бизнестің дамуы, жаңа жұмыс орындары. ЭКСПО Астананың мұрасы болды, ол елімізде қалып, оның болашақта одан ары дамуына септігін тигізетін болады», - деп түйіндеді ректор.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика