Рухани жаңғыру

Көкшетау қаласындағы үйлер стрит-арт композициялармен безендірілді

Көкшетау қаласындағы "Дизайн-Сити" жарнама-өндірістік компаниясы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Атамекен" кіші бағдарламасы аясында қала тұрғындарына стрит-арт композицияларды сыйға тартты, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ақмола 24 Қазан, 13:32

Ұлттық нақышта орындалған суреттерді  «Дизайн-Сити» компаниясының дизайнерлері әзірлеген. Осылайша, көп қабатты үйдің бірінші қабатында еліміздің өткені мен болашағын бейнелейтін метаморфозалармен байланысты ұлттық ою-өрнектердің элементтері бейнеленсе, екінші қабатында қыз бен киелі дала жануары жылқы бейнеленген. 

 «Әзірше Көкшетауда екі үйдің қасбеті ғана безендірілген. Егер бастама қала тұрғындары тарапынан кеңінен қолдау тапса, әкімдік облыстық орталықтың тұрғын үй объектілерінің тағы бірқатар қасбеттерін безендіруді жоспарлап отыр», - деді Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мырзабек Мырзахметов.

Стрит-арт композициялармен бейнелеуге 2,4 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған. 





Яндекс.Метрика