Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда жаңа DamuMed мобильді қосымшасы іске қосылды

Қазақстанда "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы әзірлеген жаңа инновациялық жоба - DamuMed электрондық медициналық сервистер мобильді қосымшасы іске қосылды.
Қарағанды24 Қазан , 15:34

DamuMed мобильді қосымшасының көмегімен пайдаланушылар дәрігердің қабылдауына жазыла алады немесе оны үйге шақырта алады, жазылған рецептілерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін көре алады, аурухана парақтарын жүктеп ала алады. Сондай-ақ 5 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналарға, жүкті әйелдер мен диспансерлік бақылаудың жекелеген топтарына жататын науқастарға дәрігерді шұғыл түрде үйге шақыртуға мүмкіндік беретін функция да бар. 

DamuMed-ке қолжетімділік еліміздің 12 өңірінде 236 емханаға тіркелген пациенттерде бар. Бұл тізбе үнемі толықтырылып отырады.  

DamuMed Apple және Android операциялық жүйелерінің пайдаланушылары үшін қолжетімді.

Жобаның барлық жерде енгізілуі денсаулық сақтау саласының екі басты өзекті міндетін шешеді - медициналық көмек көрсету процесінің барлық қатысушыларын біріктіру және өз денсаулығын тұрақты мониторингілеу және медициналық ақпаратты жедел ұсыну арқылы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту. 

DamuMed енгізілуі медициналық мекемелердегі кезек күтуді едәуір азайтуға, ал болашақта жоюға мүмкіндік береді.  




Яндекс.Метрика